Мақтаарал ауданының орталық қоймасына осы уақытқа дейін 742 тоннадан астам түрлі тауар жиналып, 363 тоннадан астамы таратылған.
Мақтаарал ауданына келіп жатқан гуманитарлық көмектердің легі әлі де тоқтаған жоқ, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында орналасқан "BAYDALA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су апатынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына тұрмысқа аса қажетті 100 электр шәйнегі мен 100 үтікті жеткізді.
Қайырымдылық жүк көлігін бастап келген А.Сатекбаев "BAYDALA" ЖШС-ның директоры Д.Шалабаевтың аманатын алып келіп, төтенше жағдайдан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу – өздері үшін үлкен міндет екенін атап өтті.
"Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов ағамызға хабарласып, тұрғындарға аса қажетті заттарды білдік. Ол кісі азық-түлік пен гигиеналық заттардың қоры жеткілікті екенін айтып, өзінің ұсынысын берді. Міне, 1 миллион теңдеген аса қаржыға 100 электр шәйнегі мен 100 үтікті сатып алып, қоймаға табыстап отырмыз" – дейді қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыруға жауапты Азамат Сатекбаев.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданының орталық қоймасына осы уақытқа дейін 742 тоннадан астам түрлі тауар жиналып, 363 тоннадан астамы таратылған.