Тәуліктік өсім 0,51 % құрайды.
Түркістан облысында бір тәуліккте 64 адамнан инфекция анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы вакцинаны өңірде 731 764 адам салдырған. Ал, екінші компонентпен 557 188 адам қабылдаған. Сондай-ақ, облыс бойынша 128 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктернің саны 141-ге жетті. Жалпы 1-ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 736 640 дозасы жеткізілген.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 64 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,51 % құрайды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 600 орын бар, 2189 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1411 науқас емделуде. Ал коронавирустық инфекциямен 199 науқас ем қабылдап жатыр.
Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 960 017 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1480 адам тексерілді.