ТҮРКІСТАН: Бірнеше көлік соқтығысып, бір жүргізуші жансақтау бөліміне жеткізілді

0
611

Көліктерге материалдық шығын келгенімен, қаза болғандар жоқ.


ТҮРКІСТАН: Бірнеше көлік соқтығысып, бір жүргізуші жансақтау бөліміне жеткізілді

Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


3 қазан күні Түркістан қаласында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты орын алған жерге бірден тәртіп сақшылары жетіп, Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданы мен Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында «Камаз» маркалы жүк көлігі, «Toyota-camry», «RAVON» және «Daewoo Nexia» маркалы көліктері соқтығысқанын анықтаған.


Жол көлік оқиғасының салдарынан «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызылған.


Аталған жайт бойынша «Камаз» маркалы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көліктерге материалдық шығын келгенімен, қаза болғандар жоқ. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады. Бүгінде тәртіп сақшыларымен жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.