ТҮРКІСТАН: Биыл келестік диқан бір жерден үш рет өнім алды

0
103

Келес ауданында 3,5 мың гектар жерге егіс егілді.


ТҮРКІСТАН: Биыл келестік диқан бір жерден үш рет өнім алды

Келестік диқан бір жылда үш рет өнім алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының шаруалары заманауи технологиялар арқылы жерді тиімді пайдаланып, бір жылда үш рет өнім алу тәжірибесін кеңейтуде. Біртілек ауылдық округінің тұрғыны, Халық Асылбек 3 гектар жерге биыл үш рет егін егіп, табысты нәтижеге қол жеткізді.


– Ең бастысы – жерге жанашырлықпен қарау керек. Өткен күзде пияз егіп, ерте көктемде жинап алдық. Одан кейін картоп егіп, оны тамыз айында жинадық. Қазір үшінші өнім – болгар бұрышын теріп жатырмыз. Әр өнім өз еңбегінің жемісін беріп отыр, – дейді шаруа Халық Асылбек.


Айта кетейік, биыл Келес ауданында 3,5 мың гектар жерге егіс егілді. Оның ішінде 700 гектары астық, 560 гектары картоп, 1,3 мың гектары көкөніс, 730 гектары мал азықтық дақылдар. Биыл 2 гектар жаңа жылыжай салынып, тамшылатып суару әдісі 63 гектар жерге енгізілді.

Бөлісу