ТҮРКІСТАН: Б.Өтемұратов қоры 180 отбасыға қаржылай көмек көрсетті

0
604

Әр адамға 100 мың теңгеден тағайындалды.


ТҮРКІСТАН: Б.Өтемұратов қоры 180 отбасыға қаржылай көмек көрсетті

Болат Өтемұратов Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында жаңбыр суы тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсеттi, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Болат Өтемұратов қоры Қазақстанның «Қызыл жарты айы» қоғамы және «ForteBank» банкімен бірлесіп, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында жаңбыр суы тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қаржылай түрде көмек көрсеттi.


Нақтырақ айтсақ, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында су тасқынан зардап шеккен 180 отбасы, 1115 тұрғынға 111 млн. теңге бөлді. Отбасының әр мүшесіне 100 мың теңгеден қарастырылған. Тұрғындарға банк карточкалары үлестіріліп, қаржыны беру жұмысы атқарылылды.

Бөлісу