ТҮРКІСТАН: COVID-19 дертін жеңген алғашқы науқас тіркелді

0
732

Дертінен айыққан науқастың жасы 74 жаста.


ТҮРКІСТАН: COVID-19 дертін жеңген алғашқы науқас тіркелді

Түркістан облысында коронавирус дертінен 1 науқас жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданы, Қарабұлақ елдімекені, Көлкент ауылдық округі, Мәдени ауылының 1946 ж. тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында стационарлық ем қабылдап, бүгінгі таңда толықтай дертінен айықты.

Зейнеткердің "өкпенің созылмалы обструктивті ауруы", "Бронх демікпесі" секілді қосалқы диагнозы да болған.