Соңғы мәлімет бойынша, 3 жасар баланың індет жұқтырғаны анықталды.
Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған үш азамат тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің 1992 ж. және 2017 ж. туған бір отбасының мүшелерінен коронавирус инфекциясы анықталды.
Сондай-ақ Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылының 2000 ж. тұрғыны да COVID-19 инфекциясы табылды.
Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.
Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны - 120.
Атап айтқанда, Жетісай -21, Ордабасы-11, Кентау қаласы -10, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-7, Арыс қаласы -17, Туркістан қаласы-15, Байдібек-3, Сарыағаш -18, Қазығұрт – 8, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.