ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер ұйқы безі ісігіне операция жасаудың жаңа жолын меңгерді

0
2 050

Ақ халаттылар күні бүгінге дейін 4 адамға ота жасап үлгерді.


ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер ұйқы безі ісігіне операция жасаудың жаңа жолын меңгерді

Түркістандық дәрігерлермен бірге еліміздің бас хирургы Болатбек Баймахановпен қаладағы орталық ауруханада ұйқы безіне операция жасап жатыр - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кету керек, бұл өз кезегінде жергілікті ақ халаттылар үшін шеберлік сабағы болмақ. Білікті маманның басшылығымен бүгінге дейіг Түркістан облысында 4 операция жасалады. Болатбек Баймаханов, Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирурия орталығының директоры жергілікті дәрігерлердің басын жиып, ауыр оталарды жасаудың қыр - сырымен бөлісті.

Мамандар Түркістан тұрғындарының ішкі ағза ауруларына жиі ұшырайтынын айтады. Оған майлы, зиян тағамдарды пайдалану басты себеп. Күні бүгінге дейін науқастар мұндай операцияның мұндай түрлерін мегаполистерде жасатса, енді алысқа барып, уақыт жоғалтпайтын болады.

Қалалық орталық аурухана мен хирургиялық зерттеу орталығы арасында келісім жасалды. Енді түркістандық дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп отырады. Жақын арада жергілікті хирургтарды тәжірибе алмасу үшін Алматыға жіберу жоспарланып отыр.