ТҮРКІСТАН: Екі адамды атқан күдіктілер анықталды

0
722

Оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Екі адамды атқан күдіктілер анықталды

Ордабасы ауданында екі адамды атқан күдіктілер белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Осыған дейін Ордабасы ауданындағы ауылдардың бірінде екі жас жігітті қарумен ату дерегі тіркелген болатын. Осы орайда облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.


Құзырлы мекеменің ақпаратына сүйенсек, қазір "бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


"Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар күдіктілер анықталып, оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Іс Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында. Сондай-ақ, болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізілуде" - делінген ресми хабарламада.