ТҮРКІСТАН: Екі баласын өлтірген күдікті ұсталды

0
334

Күдікті әйел қамауға алынды.


ТҮРКІСТАН: Екі баласын өлтірген күдікті ұсталды

Түркістан облысында полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Осыған дейін Түркістандағы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылғанын хабарлаған едік.


Содан соң күдіктінің отбасылық кикілжіңнен соң Түркістаннан пәтер жалдағаны анықталған.


Ал бірер минут бұрын ПД бастығы Мұарт Қабденов күдіктінің Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінен ұсталғанын мәлім етті.


«Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді генерал өз сөзінде.

Бөлісу