Таеквондодан ШҚО-да кадеттер арасында өткен Қазақстан чемпионатында түркістандық екі ару алтыннан алқа тақты.
Өскемен қаласында таеквондодан өткен кадеттер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Чемпионатқа еліміздің 16 облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан жалпы есебі 520 спортшы қатысты.
Олардың арасында жерлестеріміз Түркістан облысы, Жетісай ауданы Асық ата кенті №10 Қайнар мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы 59 кг салмақта Қабылбек Ұлдана Жантөреқызы және 59 кг-нан жоғары салмақта Түркістандық Махмутова Назым алтыннан алқа тағып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының жоғары санаттағы ұлттық спорт төрешісі, ҚР таеквондодан спорт шебері Құрманбаева Гаухар Әуезханқызы.