ТҮРКІСТАН: Ежелгі Отырар қалашығынан ерекше құрылыс орындары табылды

0
1 242

Он бесінші ғасырға тән.


ТҮРКІСТАН: Ежелгі Отырар қалашығынан ерекше құрылыс орындары табылды

Отырардан XV ғасырға тән тұрғын үй мен кесене орны табылды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ежелгі Отырар шаһарының төбеде жүрігізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында XV ғасырға тән тұрғын үй мен кесене құрылысының орны анықталды. Сондай-ақ шыныдан жасалған моншақ бөліктері мен күміс теңгелер көмбесі де табылды. Қазір тұрғын үйлердің таснауа, тандыр, және жерошақ секілді жекелеген бөліктері топырақтан аршылып, Отырар халқының қазақ хандығы тұсындағы тұрмысы мен мәдениетіне сараптама жасалуда.

Екі жарым метр тереңдіктен табылған кесене бірнеше бөлектен тұратын архитектуралық кешен іспетті. Сәулет туындысы екі қабат етіп салынған. Астыңғы бөлігінде дәліз және қабірхана. Ал оның үстінде құлшылық ету орны. Археологтар қабірхана ішінен 4 адамның сүйегін тапты. Оның үшеуі ересек, біреу бала. Төртеуінің де денесі жерге көмілмей қамыс үстіне жатқызылған. Археологтардың таңданысын тудырған жәйт кесене шаһардың шеткері жағына емес тап орталығына салынған.

"Біздің пайымдаумызша әрі дін өкілі немес билеушінің жақындары, әулеттері болуы мүмкін. Бұл жерде тағы бір қызықты жәйт бас сүйегінің сақталмауында. Төрт кісінің де басы кеудеден әрі жоқ болуы қызықғушылықпен қатар қиындық туыдырып отыр. Қазір сондай-ақ шаһардың шығыс және батыс қақпасын жалғап тұрған орталық көшенің бойында да қазба жұмыстары жалғасуда. Қос қапталындағы тұрғын үйлердің жоғары қабаты дұрыс сақталмағанымен құдық, ас әзірлеу орындары топырақ қабатынан аршып алынды", - дейді "Отырар" мемлекеттік археологиялық қорық мұражайының бөлім басшысы Сәбит ПӘРМЕНҚҰЛОВ.

Қорық-мұрайжайдағы бас инспектор Қуаныш Шоқаевтың айтуынша,

қала орнының Оңтүстік батыс қақпасы мен шығыс қақпасы арасын байланыстыратын көше, ұстахана, кәсіпкерлік нысандар мен шеберхана орны ашылған. Соның бойында да қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ХІ ғасырда Отырарға билік жүргізген Бердібек ханның сарайы да реставриялануда. Ұзын дәліз және бірнеше бөлмеден тұратын ғимарат сәулеттік нұсқасымен ерекшеленеді. Ал қазба барысында табылған қолөнер бұйымдары мен нумизматикалық заттар музей қорына табыс етілді.

дереккөз: shymkenttv.kz