ТҮРКІСТАН: “Фараб” кітапханасында Абай онкүндігі өтеді

0
116

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: “Фараб” кітапханасында Абай онкүндігі өтеді

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Абай онкүндігі өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының дана ойшылы, кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оның рухани мұрасын ұлықтау мақсатында 1-10 тамыз аралығында «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты Абай онкүндігін өткізу жоспарланған. Осы орайда 1 тамыз күні сағат 11:00-де онкүндіктің ашылу салтанаты өтетіндігін хабарлаймыз.


1 тамыз күні «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты онкүндіктің ресми ашылуы салтанаты.


2 тамыз күні «Абай – қазақтың рухани ұстазы» атты әдеби талдау кеші. Ақын шығармалары оқырмандар аудиториясымен бірге талқыланып, негізгі философиялық-эстетикалық идеялары зерделенеді.


3 тамыз. «Табиғат, таң қаламын тамашаңа» сурет салу байқауы. Абай шығармаларындағы табиғат пен адам болмысын бейнелеуге арналған сурет салу сайысы өткізіледі.


4 тамыз. «Абай даналығы – халық мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция. Абай Құнанбайұлының философиялық және әдеби мұрасы туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланады.


5 тамыз күні «Көзімнің қарасы...»тақырыбында оқырман аудиториясымен бірге Абай әндері орындалып, ән кеші өткізілелі.


6 тамыз. Кино күні «Абай жолы» немесе Абай туралы деректі фильмдер көрсету, көрсетілім соңында пікір алмасу, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылады.


7 тамыз. Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының жылжымалы пунктерінде «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты әдеби кеш ұйымдастырылады


8 тамыз күні «Абайды білесің бе?» тақырыбында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша викториналық сайыс ұйымдастырылады.


9 тамыз. «Абай әлемі» көрме жасақталып, халық көп шоғырланатын орындарда (қоғамдық орындарда, алаңдарда) Абай туралы әдебиеттермен таныстырылады.


10 тамыз күні «Абаймен ойлан, Абаймен толған» тақырыбындағы кеңейтілген кітап көрмелері жасақталады. Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойылып, онкүндік қорытындыланады.


Онкүндік аясында өтетін мәдени-ағартушылық іс-шаралар топтамасы арқылы ұлы ақынның қара сөздері мен поэзиясы кеңінен насихатталып, жас ұрпақтың әдеби-көркем ойлау қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды бағалау және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру көзделіп отыр.

Бөлісу