Облыс бойынша инфекция жұқтырғандардың көбі Жетісай ауданында тіркелген.
Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті, деп хабарлады ERNUR.KZ.
Вирус 1990 ж. Түркістан қаласының тұрғынынан табылды. Ол 11 сәуір күні Жетісай ауданынан келген.
Сондай-ақ 1992 жылғы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылының тұрғыны, 1981 ж. және 2007 жылғы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарында COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы - 4, Сайрам - 3, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1, Түркістан қаласының - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.