ТҮРКІСТАН: Инвестициялық жобаларды электрмен қамту жолдары қаралды

0
354

Нұрбол Тұрашбеков әкімдік тарапынан қажетті шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.


ТҮРКІСТАН: Инвестициялық жобаларды электрмен қамту жолдары қаралды

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды сапалы электр желісімен қамту жолдары қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Арыс қосалқы тарту бекетінде кеңес өткізді. Оған Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, Электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның аймақтық өкілдері қатысты. Жиында іске қосылатын инвестициялық жобаларды электр қуатымен қамтамасыз ету, жоғарғы кернеулі желіге қосылу талаптары мен тәуекелдері талқыланды.


Нұрбол Тұрашбеков әкімдік тарапынан қажетті шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.


– Желіні жалғау барысында ешқандай қолайсыздық туындамауы тиіс. Қажеттілігіне қарай қосалқы электр станцияларының қызметіне жүгінеміз. Әсіресе, өндірістер зардап шекпеуі қажет. Осы мақсатта ортақ келісімге келіп, елге тиімді шешім қабылдауымыз шарт, – деді облыс әкімінің орынбасары.


Электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның аймақтық өкілдері басшылық құраммен мәселенің шешу жолдарын саралап, барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.

Бөлісу