Түркістан қаласында ескек есуден Азия чемпионаты өтеді

0
72

Бұл шешім – еліміздің спорттық инфрақұрылымының дамығанын және Қазақстанның су спортындағы беделінің Азия құрлығында арта түскенін айғақтайды.


Түркістан қаласында ескек есуден Азия чемпионаты өтеді

Түркістанда ескек есуден 18 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тайландтың Паттайя қаласында Азияның байдарка мен каноэда есу конфедерациясының (ACC) 22-конгресі өтті. Алқалы жиында ұйымның жаңа президенті болып Үндістан өкілі Прашант Кушваха сайланды.


Конгресс барысында тарихи шешім қабылданып, алғаш рет Қазақстанның Түркістан қаласында байдарка мен каноэда есу спорты бойынша U23 жас санатында Азия чемпионаты, сондай-ақ параканоэден VI Азия чемпионатының өтетінін хабарлағанбыз. Ал когнресс соңына қарай тағы бір маңызды шешім қабылданды. Түркістан қаласындағы ескек есу кешені U18 санатындағы жастар арасындағы Азия чемпионатын да өткізетін болды.


Түркістан облыстық су спорты түрлері мектебініңі директоры Денис Жарменовтың айтуынша, ауқымды халықаралық жарыстар 2026 жылдың маусым айында Түркістандағы олимпиадалық стандартқа сай ескек есу арнасында ұйымдастырылады. Бұл шешім – еліміздің спорттық инфрақұрылымының дамығанын және Қазақстанның су спортындағы беделінің Азия құрлығында арта түскенін айғақтайды.

Бөлісу