Кәсіпкерлік нысандар бойынша бірінші кезекте кәсіпкерлер өз қаржылары есебінен заманауи қалыпқа келтіреді.
Түркістан облысында күре жолдардың бойындағы кәсіпкерлік нысандар заман талабына сай өзгереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс аумағынан өтетін маңызды автожолдардың бойындағы қызмет көрсету орындары мен кәсіпкерлік нысандарын реттеуді тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан – Шымкент, Шымкент – Сарыағаш жолдары бойындағы кәсіпкерлік нысандарын заманауи қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жол бойындағы кәсіпкерлік нысандарын толық зерделеу жұмыстары атқарылды. Бірқатарына жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі анықталды. Осыған байланысты, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС мекемелерінен құрылған жұмысшы тап құрамы жол бойындағы кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесу ұйымдастырды.
Сауран, Ордабасы, Бәйдібек ауданы және Арыс қаласы аумағындағы жол бойындағы кәсіпкерлермен кездесу Қызылкөпір ауылдық округі аумағында, ал Сарыағаш және Қазығұрт ауданындағы жол бойындағы кәсіпкерлермен кездесу Қазығұрт ауданы, Сарапқана ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.
Кәсіпкерлік нысандар бойынша бірінші кезекте кәсіпкерлер өз қаржылары есебінен заманауи қалыпқа келтіреді. Оған қосымша қайта қалпына келтіру үшін жеңілдетілген несие қаржысын қарастыру жұмыстары жүргізілуде.