ТҮРКІСТАН: Қазығұртта ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

0
60

Сөрелерге ет пен сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, бал, ұн және басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары қойылды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Қазығұртта «Republic day» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданының орталық алаңында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Republic Day» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.


Жәрмеңкеге аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан тұрғындары мен қонақтар қатысты. Іс-шараның мақсаты – отандық өнімдерді насихаттау, жергілікті шаруалардың еңбегін қолдау және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.


Жәрмеңкеге ауданның барлық ауыл округтерінен шаруашылықтар мен кәсіпкерлер өз өнімдерін әкеліп, нарық бағасынан төмен бағада ұсынды. Сөрелерге ет пен сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, бал, ұн және басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары қойылды.


Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты.


24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда.


Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды.

Бөлісу