Өнім көлемі бойынша Келес ауданының үлесі 6,8 пайызды құрайды.
Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласына 334 млн. теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Келес ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 334 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткішті биылғы жылдың 9 айында 1 млрд. 165 млн. теңгеге жеткізу көзделуде. Жалпы өнім көлемі бойынша облыстағы Келес ауданының үлесі 6,8 пайызды құрайды.
Атап өтсек, Келес ауданында 14,5 млрд. теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы саласы өнімдері өндіріледі. Оның ішінде 12 млрд. теңгеге жуығы мал шаруашылығы өнімдері, 2 млрд. 750 млн. теңге өсімдік шаруашылығы өнімдері. Жалпы биылғы жылы өндірілетін өнім көлемі 60 млрд. теңгеден аспақ. Елдегі пандемиялық жағдайға қарамастан, жыл соңында жоспар артығымен орындалады деп күтілуде.