ТҮРКІСТАН: Келесте 68 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған

0
86

5 елді мекенде жаңа электр желілерін тарту жұмыстары толық аяқталып, бүгінде қосу жұмыстары атқарылуда.


ТҮРКІСТАН: Келесте 68 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған

Келес ауданындағы 83 елді мекен орталықтандырылған электр желісіне қосылған болса, оның ішінде 68 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына қарасты елді мекендерді сапала электр желісімен қамту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде ауданның 83 елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылған болса, оның ішінде 68 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған.


Биыл «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 19,91 шақырым 10-0,4 кВ электр желілеріне және 7 трансформатор қондырғысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды қараша айында аяқтап, желілердің тозу деңгейін 57,6 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Сонымен қатар 5 елді мекенде жаңа электр желілерін тарту жұмыстары толық аяқталып, бүгінде қосу жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Лесбек батыр, Көгерту елді мекекендері, Біртілек ауылдық округіне қарасты Ораз ата, Игілік және Қолтоған елді мекендері.


Одан бөлек, Алпамыс батыр ауылдық округіндегі Ақжол және Қауыншы елді мекендерін сапалы электрмен қамту жобасы 2025 жылдың қаржы жоспарына енгізіліп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ғ.Мұратбаев, Қаратөбе, Ақжар және Көкбұлақ елді мекендерінің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, Ошақты ауылдық округіндегі Саңырау мен Қоңыртөбе, Бірлік ауылдық округіндегі Үшағаш, Жүзімдік ауылдық округіндегі Ақсу елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтуға арналған жобалар дайындалды.

Бөлісу