Жалпы саны 32 бірлік техника кілті табысталды.
Келесте коммуналдық сала қызметкерлеріне 32 бірлік жаңа техника табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданында коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа техникалар пайдалануға берілді. Шараға аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындар игілігі үшін алынған техникаларды салтанатты түрде табыстады.
– Тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Бүгін пайдалануға берілген техникалар осы бағыттағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтереді. Халықтың игілігіне қызмет ететін бұл техникалар күнделікті өмір сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді аудан басшысы.
Жалпы саны 32 бірлік техника кілті табысталды. Атап айтқанда 9 трактор, 9 тіркеме, 3 жүк тиегіш және 11 үш дөңгелекті мотокөлік (трицикл) кіреді. Бұл техникалар «Келес Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілді. Жаңа техника аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге, көше-жол желісін күтіп ұстауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға жұмылдырылатын болады.