Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жылдамдатып, ақауларды тездетіп шешуді тапсырды.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Біртілек ауылдық округі аумағында құрылысы жүріп жатқан «Абай» АГТС басына тиісті бөлім басшыларымен барып, құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Келес ауданы «Абай» АГТС салу (қуаттылығын ұлғайту)» нысанының жобалық-сметалық құжаттарының бас жобалаушы мекемесі «Жамбылагрогазпроект» ЖШС болып табылады. 2019 жылы өткізілген мемлекеттік сатып-алу конкурсының жеңімпазы мердігер мекеме «Газ KZ» ЖШС анықталып, ағымдағы жылдың шілде айында құрылыс-монтаж жұмыстары бастайтын болады. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысу барысында аудан әкімі Ақментай Үсенұлы мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарының баяу жүруінің себебін сұрап, ақауларды тездетіп шешуді тапсырды. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған жағдайда Абай ауылы, Қошқарата, Ұшқын, Біртілек ауылдық округтерінің елді мекендерін толық табиғи газбен қамтамасыз етуге «Абай» АГТС қуаты жететін болады.
Еске сала кетейік, Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерін табиғи көгілдір отынымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінде құрылыс жұмыстар аяқталып, 8 елдімекенге газ жүйесі жүргізіліп 1519 үйге көгілдір отын берілді.