ТҮРКІСТАН: Келестегі шаруалар қырыққабат жинап жатыр

0
423

Диқандар да ерте қимылдап, көкөніс дақылдары сәуір айында пісе бастайды.


ТҮРКІСТАН: Келестегі шаруалар қырыққабат жинап жатыр

Келес ауданында шаруалары қырыққабат жинауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы Келес ауданы еліміздің оңтүстік нүктесінде орналасқан. Мұнда көктем ерте шығады. Диқандар да ерте қимылдап, көкөніс дақылдары сәуір айында пісе бастайды. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы. Бүгінде Түркістан облысы, Келес ауданында шаруалары қырыққабат жинауда.


Ақтөбе ауылдық округінің Лесбек батыр ауылының диқандары дайын өнімді экспортқа жөнелтіп жатыр. 15 жылдан бері диқаншылықпен айналысатын Нұрмұхаммед Омаров өзі төрағалық ететін шаруа қожалағы аумағындағы 1 гектар суармалы егістік алқабына қырыққабат өнімін егіп, 20 тонна өнім алды. Шаруа дайын өнімді Астана, Алматы, Шымкент қалаларының сауда орындарына жөнелтілуде.


Айта кетейік, Келес ауданында жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша 6 дана жаңбырлатып суару (барабандар) агрегаты алынып, нәтижесінде 64 га аумақта шаруалар жаңбырлатып суару арқылы өнім алуда.


Өңір шаруалары бүгінде алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу жобасын сәтті жүзеге асыруда. Аталған жоба шеңберінде 320 шаруа қожалығы жалпы 1655 гектарға егіс екті. Сонымен қатар өнім көлемін арттыру және ағын суды үнемдеу мақсатында 246,8 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. Биыл су үнемдеу технологиясын 1037,8 га аумаққа ендіру жоспарланып, қажетті шаралар атқарылуда.