ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын тауыс құсын өсіріп жатыр

0
669

7 жыл бұрын қызығушылықпен қолға алып, бүгінде санын 30-ға жеткізіпті.


ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын тауыс құсын өсіріп жатыр

Келес ауданында тауыс құсы өсірілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Искендер Павлиев үй жағдайында тауыс құсын өсірумен айналысуда. Шаруа павлин өсіруді осыдан 7 жыл бұрын қызығушылықпен қолға алып, бүгінде санын 30-ға жеткізіпті.


«Бастапқыда бір дана тауыс құсын сатып алып, оны егжей-тегжейлі зерттедім. Жергілікті климатқа сай келетінін түсінген соң көбейтуді мақсат еттім. Бұл құстың күтімі ерекше. Өзімізде өсетін жүгері дақылын беремін. Үнемді. Айтарлықтай егін дақылдарына зияны жоқ. Сұраныс жоғары болуына қарамай жұмыртқа күйінде сатпадым. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтуді жоспарлап отырмын», – дейді шаруа.


Шаруаның айтуынша, тауыс құсы өз қауіпсіздігін қатаң сақтайды екен. Ит пен құсқа оңайлықпен ұстатпайтын құстың әр басын 40-50 мың теңгеге саудалауда.


Тауыс құсын бағудың қыр-сырын үйренген шаруаның екі ұлы да ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Отбасылық кәсіпті қолға алған тұрғындар Әзірбайжан ұлтының азаматтары. Олар егін егіп, тауық, күрке секілді құс түрлерін өсіруде. Одан бөлек, 40 жәшік бал арасын бағып, жылына 1 тонна өнім алуда.