200-ден астам құс көрмеге қойылды.
Кентауда «Ақ көгершін» республикалық көгершіндер жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласында «Ақ көгершін» республикалық көгершіндер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкеде 200-ден астам құс көрмеге қойылды. Оған Жамбыл, Қызылорда облыстары Шымкент, Алматы қаласынан және Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан жалпы 10 нан астам көгершін баптаушылар қатысты.
Сонымен қатар көрмеде көгершіннің қызылқұйрық, қарақұйрық, ақкөгершін, краснохвост және сарыбас секілді бірнеше түрі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, Кентау қаласындағы «Ақ көгершін Кентау» клубының атқарған жұмыстары таныстырылды. Жиын соңында жәрмеңкеге атсалысқан бірқатар қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.