Мұндай құбылыс бұрын соңды орын алмаған.
Кентауда алма ағашы гүл ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Күз мезгілінің қазан айында Кентау қаласында алма талы гүл ашты. Табиғаттың тосын сыйына куәгер болған қала тұрғындары аң-таң. Кентау қаласында жалпы мұндай құбылыс бұрын соңды орын алмаған.
Алма талы қаладағы №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының ауласында өсіп тұр. Бұл жеміс талын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еріктілер отырғызған.
«Мектебіміздің ауласында осындай керемет жағдай болды. Оны көпшілікпен бөлісуді жөн көрдім. Жалпы білім ордасының ауласындағы талдарға мектептің бағбаны жақсы қарайды. Жеміс ағашының осы уақытта гүлдеуі біз үшін қызық», — дейді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Омаров.