ТҮРКІСТАН: Кентауда қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі өтті

0
1 432

120 балуан қатысып, өзара шеберліктің шыңдады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі өтті

Түркістан облысының жастар мен жасөспірімдері арасында "Жас барыс" турнирінің жалауы желбіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде қазақ күресінен Түркістан облысының жастар мен жасөспірімдері арасында "Жас барыс" турнирінің жалауы желбіреді. Күрес додасына өңіріміз бойынша іріктеуден өткен 120 балуан қатысып, өзара шеберліктің шыңдады. Жастар арасында қазақ күресінен аға бапкер Ерлан Сыздықовтың айтуынша, боз кілемде топ жарған жеңімпаз жас балуандар 14-16 желтоқсан күндері Астанада өтетін республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.


Болашағы жарқын жасөспірімдер арасында 55 келі салмақта сынға түскен Розиман Тогышов пен 64 келідегі талантты жас спортшы Нұрсаят Әбдуақас, жастар арасында үздік өнер көрсетіп келе жатқан 66 келідегі Төлен Әділ бар. Бұдан өзге түркістандық Шайихслам Бауыржаннан жаттықтырушылар мол үміт күтіп отыр.


Мамандар қазір қазақ күресін дүниежүзілік деңгейде дамыту үшін игілікті істер атқаруда. Әлем бойынша ұлттық спорт түрі халықаралық деңгейде дамып барады. Түркістан облысында соңғы кездері қазақ күресі жастар арасында кеңінен насихатталып, бүгінде мыңдаған ауыл жастары спортпен кәсіби тұрғыда айналысады.


Облыстық деңгейде өткен бұл жарыс жас балуандардың тұсауын кесті. Кілемде белдескен үздік спортшы жастар алдағы кезде республикалық жарыстарға қатысатын болады. Осылайша, қазақ күресінен жастар құрамасы жасақталды.