ТҮРКІСТАН: Кентауда қоқыс жинау марафоны өтті

0
401

Плоггинг – қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал шара.


ТҮРКІСТАН: Кентауда қоқыс жинау марафоны өтті

Кентаулық жастардың ұйымдастыруымен С.Қожанов саябағында «Плоггинг» марафоны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастарды отан сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, жанашыр жастардың қатарын арттыру мақсатында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында С.Қожанов саябағында «Плоггинг» марафоны өтті.


Плоггинг – қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал шара. Бұл – қашан да қоршаған ортаны қорғау үдерістерімен байланыста болу дегенді білдіреді.


Марафонға қаладағы Орта арнаулы оқу орындарының студенттерінен құрылған 5 команда, өздеріне тиесілі аумақтарды жүгіріп өту арқылы қоқыс жинаудан жарысқа қатысты. 60 минутта С.Қожанов саябағынан салмағы 52 қап қоқыс жиналды. Бұл экологиялық қозғалыс – салауатты өмір салтын ұстану мен табиғатқа деген қамқорлықтың тамаша үйлесімділігі.


Плогингтің нәтижесінде Кентау политехникалық колледжі «Авангард» командасы 1-орын. Кентау көпсалалы колледжі «Жалын» командасы 2-орын, Кентау колледжі «Бірлік» командасы 3-орын. Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі «Қыран» және № 7 колледж «Киелі мекен» командалары алғысхаттармен марапатталды.