ТҮРКІСТАН: Кентауда тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшалары орнатылып жатыр

0
122

8 аулаға балаларға арналған ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңдары орнатылуда.


ТҮРКІСТАН: Кентауда тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшалары орнатылып жатыр

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшалары орнатылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 8 аулаға балаларға арналған ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңдары орнатылуда. Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс барысын аралап, жұмыстың тиянақты әрі сапалы атқарылуын тапсырып, анықталған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша жауаптыларға тапсырма берді.


Атап айтқанда, абаттандыру жұмыстары Ы.Алтынсарин көшесіндегі №3, 5, 7 үйлердің, Ясауи даңғылындағы №96, 98 үйлердің, Абай даңғылындағы №11 үйдің, Д.Қонаев даңғылындағы №33 үйдің, Төле би көшесіндегі №39 үйдің, Ата-Түрік көшесіндегі №52 үйдің, Ерназаров көшесіндегі №49 үйдің, Құралбаев көшесіндегі №28 және №92 үйлердің, Әл-Фараби көшесіндегі №110 және 114 үйлердің, Ш.Уәлиханов көшесіндегі №44, 48, 136 үйлердің, сондай-ақ Т.Рысқұлов көшесіндегі №63 үйдің аулаларда жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Алдағы уақытта өзге де аулаларды абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу