Ол үйіне 31 наурыз күні келген.
2020 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 36-ға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген.
Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 8, Сарыағаш - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.