Таңғы айт намазы мешіттердің ашық ауласында 4 метр арақашықтықты сақтай отырып өткізіледі.
Түркістан облысында COVID-19 пандемиясы жағдайында құрбан айт мерекесін өткізу ережелері жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 20-22 шілде«Құрбан айт» мepeкeci күндеріне орай коронавирустык инфекцияның алдын алуic-шараларын жүргізу алгоритімінбекітті.
Ережеге сәйкес, меншікнысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреселерде адам көп жиналатын ic-шаралар өткізуге, рұқсат етілмеген орындарда мал союға, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға рұқсат етілмейді. Ал, таңғы айт намазы мешіттердің ашық ауласында 4 метр арақашықтықты сақтай отырып өткізіледі.
Одан бөлек, құрбандық шалуды онлайн режимде www.qurban-2021.kz сайты арқылы жүзеге асыруға болады.
Құрбандық шалуды арнайы белгіленген мал сою орындарында өткізу, шараға тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы қажет.