ТҮРКІСТАН: Қызыл кітапқа енген бұлдырықты заңсыз аулғандар ұсталды

0
2 865

Құстарды Созақ ауданының 3 тұрғыны бірігіп 42 бас құсын аулған.


ТҮРКІСТАН: Қызыл кітапқа енген бұлдырықты заңсыз аулғандар ұсталды

Түркістан облысы полицейлері Қызыл кітапқа енген құстарды аулаған тұрғынды ұстады, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Облыс көлемінде өткізілген «Экологиялық құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және анықтау» рейдтік іс-шарасы барысында Созақ ауданынның тұрғыны ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген 42 бас «Бұлдырық» құстарын заңсыз аулап, сақтап отырғандығы анықталды.

Оқиға орнына тәртіп сақшыларының арнайы тобы шыққан. Тексеру жұмыстары барысында мал жайылымында отыратын бақташы тұрғынның қорасынан «Бұлдырық» құсына ұқсас 42 бас құстар және тіркелмеген 1 дана жарық салғыш құрылғы, 1 дана құс ұстауға арналған тор тәркіленіп алынды. Айғақты зат ретінде алынған құстардың түрін анықтау мақсатында зерттеу орталығына жіберіліп, сараптама жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бұл құстың түрі «Ақбауыр бұлдырық» екендігі анықталды.

Полицейлердің анықтауынша аталмыш құстарды жергілікті 3 тұрғын бірігіп, бір түнде аулаған. Түнгі уақытта, құстардың қонған жерлеріне жарық жағып, жарықтың әсерінен қимылсыз қалған құстарды ұстап отырған. Және жоспар құрып, бағалы құстарды сатпақшы болған.

Қазіргі таңда күдіктінің бірі ұсталып, Созақ АПБ-не жеткізілді. Кінәсін толық мойындаған тұрғынның бас шарасы «келіп кету туралы міндеттеме». Ал қалған 2 күдіктілерге қолға түсіру мақсатында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, құстар болса Шымкент қалалық зообағында.