ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы егістіктің жартысынан астамы қалпына келтірілді

0
884

Көршілес Өзбекстан мемлекетінен жалпы 42 ауыл шаруашылығы техникалары көмекке келді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы егістіктің жартысынан астамы қалпына келтірілді

Мақтаарал ауданындағы зақымдаған егістіктің 50 пайыздан астамы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған. Оның ішінде мақта – 3939,4 га, қауын-қарбыз – 801,2 га, жүгері – 74,75 га, жоңышқа – 22,75 га, жеміс ағашы (шабдалы) – 4 га, қырыққабат – 2,22 га және агротехникалық шаралар атқарылған егістік жерлер – 850,64 га құраған.
Егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, егін егу жұмыстарына көршілес Өзбекстан мемлекетінен жалпы 42 ауыл шаруашылығы техникалары көмекке келді. Оның ішінде 17 дана чизель, 13 дана дән сепкіш (сеялка), 11 дана жүйекаралық баптағыш агрегаты (культивартор) және 243,6 тонна тұқымдық шит бар.

Қазіргі уақытта суы тартылған егістік жерлердің 3083 гектарв қайта өңделіп, 3030,5 гектар аумаққа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Атап айтқанда, мақта – 2528,4 га, қауын – 146,25 га, жүгері – 13,8 га, күріш – 342,1 га. Алдағы уақытта да тасқын судан зақымданған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғаса береді.