ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы жаңа үйлерде барлық тұрмыстық жағдай жасалған

0
672

Апат кезінде 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы жаңа үйлерде барлық тұрмыстық жағдай жасалған

Мақтааралдағы жаңа үйлерге инфрақұрылым тартылып, интернет жүргізілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы 70 гектар жерде орналасқан жаңа қалашықтағы 386 үйге Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық елді мекендерінің тұрғындары көшіп келетін болады. Мұнда барлық инженерлік инфрақұрылым тартылған. Ауыз су, жарық, жылу мен кәріз жүйесі жасақталып, жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен бала-бақша және дәрігерлік амбулатория салынуда. Балалардың ойын алаңдары орнатылып, ағаштар отырғызылған. Желілік саябақ пен гүл бақтары мөлтек ауданның көркіне көрік қосып тұр.

Айта кетсек, мамыр айында орын алған апат кезінде 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліп, тілсіз жаудан құтқарылған халық Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен ашылған 24 эвакуациялық орынға орналастырылды. Мақтааралға бүкіл ел болып көмек қолын созды. Көрші елден апат салдарымен күресуге арнайы техникалар мен 200 адам келіп, өзбекстандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізді. Егістік алқаптарды қалпына келтіріп, шитті мақта етуге атсалысты.