Кездесуде өңірдегі руханият, мәдениет саласына қатысты мәселелер сараланып, руханият төңірегіндегі ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Мәлік Отарбаев мәдениет және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерімен маңызды бастамаларды талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірдегі мәдениет және денсаулық сақтау салаларының өкілдеріменкездесу өткізді. Кездесуде өңірдегіруханият, мәдениет саласына қатыстымәселелер сараланып, руханият төңірегіндегі ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Келелі басқосуды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді.
– Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы арнайы заң жобасына қол қойылды. Бұл Президентіміздің Түркістанға көрсеткен ерекше қамқорлығы мен бауырлас елдердің ынтымақтыстығын нығайтуға қосқан зор үлесі деп білеміз. Ел Президенті 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында«Киелі шаһар еліміздің тарихында айрықша рөл атқарған. Көне заманнан бері Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі қала болған. Бауырлас халықтардың бәріне ілім-білім таратқан руханият ошағы саналған. Шын мәнінде, киелі Түркістан – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы» деп рухани шаһарға деген ерекше ықыласын білдірген еді. Түркі елдерінің тарихи ұстынына айналған Түркістанның рухани дамуында бүгінгі жиынның маңызы зор деп есептеймін. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толып отыр, – деді Ертай Алтав.
Жиын барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Тұрсұн Хазіретәлі ономастика саласының өзекті мәселелері менТүркістан облысының ономастикалық комиссияныңжұмысы туралы тоқталса, Түркістан музыкалық-драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан театр саласындағы жаңалықтарға тоқталып,жаңа қойылымдар мен кино саласы туралыатап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған инвестициялар, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуынакөбірек көңіл бөлу туралы сөз қозғаған болатын. Медицина саласының дамуы бойыншаТүркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев баяндама жасады.
Жиынды Мәлік Нұржанұлы қорытындылап, Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Ұлттық құрылтайда айтқан идеялары мен бастамаларына кеңінен тоқталып, алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жайын атап өтті.
– Ел Президенті үнемі айтатын адал азамат болуымыз керек. Сол кезде Әділ Қазақстандықұра аламыз. Адал азамат болу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойғанын жақсы білесіздер. Бұл 53 тармақтан тұратын жай құжат емес, сөзден іске көшетін кезең. Сол себепті арнайы алдарыңызға келіп отырмын, – дегенПрезидент кеңесшісі Түркістанның ерекше мәртебеге ие болуымен құттықтап, Ел Президентінің саясатын жүзеге асыру жолындағы еңбектеріне мол табыс тіледі.