​ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік кірістер департаменті 5 айда 122 млрд теңгеден астам түсім түсірген

0
786

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 млрд 101 млн теңгеге көп.


​ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік кірістер департаменті 5 айда 122 млрд теңгеден астам түсім түсірген

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет жоспарын 103,5% орындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоспар 118 млрд 782 млн теңге болса, нақты түсім 122 млрд 960 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 млрд 101 млн теңгеге көп. Бұл туралы брифингте департамент басшысының орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, саланы цифрландыру бойынша Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 44 қызметтің 38 түрін электронды әдісте алу мүмкіндігі қарастырылған.
«Облыс бойынша 2021 жылғы 5 айдың қорытындысымен 529 039 қызмет көрсетілген. Оның 77%-ы электронды түрде көрсетілсе, 23%-ы қағаз түрінде көрсетілген. Бұл ретте қағаз жүзінде көрсетілген қызметтердің басым бөлігі электронды түрде алу мүмкіндігі қарастырылмаған, нақтырақ айтқанда: көлік құралдарына арналған кедендік декларация – 117 883, жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау – 629. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін облыстың 16 аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармалары мен 7 кеден бекеттерінде жұмыс істейтін қызмет көрсету орталықтары үнемі Департамент тарапынан қатаң бақылауда. Қызмет алуға барынша қолайлы жағдай жасау бағытында тұрақты түрде жұмыс жасаудамыз», - деді Еркін Кеңесбекұлы.
Мемлекеттік кірістер органдары өз құзіреті шеңберінде тұрақты түрде бақылау жұмыстарын да жүзеге асырады. Бұл бағытта тәуекелдерді басқару жүйесі тиімді қолданылуда. Мәселен, электронды шот фактура жазып беруді шектеу пилоттық жобасы аясында тәуекелі жоғары 312 салық төлеушіге хабарламалар шығып, нәтижесінде 139 салық төлеушінің электронды шот фактура жазып беруіне шектеу қойылумен қатар, 1 млрд 259,4 млн теңге қосымша кіріс өндірілген.

Сондай-ақ, облыстағы кеден бекеттерінде 2021 жылдың 5 айында 12 709 тауарға арналған декларация - тәуекел бейіндері жүйесінің бағалауынан өткізіліп, 751 кедендік тексеріс жүргізілген. Жүргізілген кедендік тексеріп қарау нәтижелерінде 671 кеден заңнамаларының бұзылу фактілері анықталып, тиімділік көрсеткіші 89,3% құраған.