ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік жоба аясында бірнеше нысан жөнделді

0
595

Бұл - ауылдарға деген зор қолдау.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік жоба аясында бірнеше нысан жөнделді

Сайрам ауданында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы нәтижелі жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Тозығы жеткен ғимарат толығымен жаңарып, жуырда пайдалануға берілмек. Нысан табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, Сайрам ауданында аталған жоба аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Сонымен қатар екі ауылдық округтегі 10 жолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бұл - Мемлекет Басшысының Жолдауына орай, аудандағы мәдениет саласына жасалған зор қолдау.
Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Аманкелдіұлы Сайрам ауданындағы іс-сапар барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды аралап, бақылау жүргізді.

Айта кетейік, жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында Түркістан облысындағы аудандарда ішкі жолдар, ғимараттар мен нысандар жөндеуден өткізіліп келеді. Бұл жоба өңірдегі ауылдардың көркеюіне мол әсерін тигізіп жатыр.