ТҮРКІСТАН: Мереке қарсаңында 420 отбасы баспаналы болды

0
1 162

Қала әкімі алғаш төрт тұрғынға кілттерді қазіргі тұрып жатқан үйлеріне барып өзі табыстады.


ТҮРКІСТАН: Мереке қарсаңында 420 отбасы баспаналы болды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні Түркістан қаласында 420 пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүруде. Облыс орталығы атанғалы қалада 89 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатса, бүгінге дейін 600 кезекте тұрған және 336 мемлекеттік қызметшіге пәтер табысталған болатын.Түркістан қаласының қайта жаңғыруы және жергілікті тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсарта түсу жобасы Тұңғыш Президенттің бастамасымен қолға алынғаны ескеріле, нақты бүгін пәтер иелерін көптен күткен қуанышқа кенелту жоспарланған.

Мемлекетімізде сақталып отырған каратиндік режимге және облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысындағы талаптарды орындау мақсатында ресми іс-шара ұйымдастырылмады. Тұрғындардың бір жерде шоғырлануын болдырмау үшін, шаһар басшысы алғаш төрт тұрғынға кілттерді қазіргі тұрып жатқан үйлеріне барып өзі табыстады. Осы кісілерге және қалған 415 адамға Тұңғыш Президент күнімен және баспанаға ие болуымен құттықтап хат жолдады.

Айта кетейік, кезекте тұрған 11797 азамат egov сайты арқылы кезек реттілігін көре алады. Сондай-ақ, Орталықтандырылған сервистік өнімі базасы арқылы да тұрғын үй кезегінде тұрған заматтар ақпараттандырылады.