ТҮРКІСТАН: Мереке қарсаңында үздік полицейлер марапатталды

0
970

Халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген департаменттің полицейлеріне облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов құттықтау сөзін арнап, марапаттау рәсімін өткізді.


ТҮРКІСТАН: Мереке қарсаңында үздік полицейлер марапатталды

Мереке қарсаңында үздік түркістандық полицейлер марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Полиция департаментінде «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің басшы құрамы мен ішкі істер органының ардагерлері, жеке құрам қатысты. Шара басында ҚР Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп, Әнұран шырқалды.


Сондай-ақ жиналғандар қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Олардың жұбайларына гүл шоқтары мен бағалы сияпаттар тарту етілді. Түрлі сала мамандарының құттықтау бейнероликтері көрсетілді. Халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген департаменттің полицейлеріне облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов құттықтау сөзін арнап, марапаттау рәсімін өткізді.


Мерекеде мерейлері тасыған қызметкерлерді атап өтсек, ҚР ІІМ бұйрығымен «Мерзімінен бұрын полиция полковнигі» арнаулы атағы С.Дүкенов, А.Көшқалиевке берілді. «Бір саты жоғары полиция подполковнигі» Т.Нұржаевқа ұсынылды. «Бір сатыға жоғары полиция майоры» атағын М.Алдабергенов иеленді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі Қ.Жұмаділдаев, А.Бекботаева, ал "Ішкі істер органдарының үздігі" төс белгісі Н.Әлішер, Ү.Жамаловқа тағылды.


ҚР ІІМ Грамотасымен Е.Тәжі, Ө.Назарбаев, Б.Хайриев, Т.Тәшкенбаев марапатталды. Министрліктің «Алғыс хаты» Е.Жұмабаев, Қ.Әбдімәліков, Н.Момыновқа табысталды. Сонымен қатар Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хаттар өз иелеріне үлестірілді. Өмірін осы салаға арнап, зейнетке шыққан ардагерлер де марапатталды. Одан әрі ҚР ІІО ардагері Оспанғазы Жанқожаев құттықтауды жалғастырып, аға буын атынан ыстық ықыластарын білдірді.


Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Облыстың өнерпаздары мен талантты тәртіп сақшылары патриоттық әндер шырқап, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.