Арыздар мен өтініштер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдап, мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов 20-ға жуық тұрғынды жеке қабылдап, өтініштері мен мәселелерін тыңдады. Тұрғындар білім, мәдениет, құқық қорғау және өзге де салаларға қатысты өтініштері жеткізді. Сонымен бірге жұмысқа орналасу мәселесі де қозғалды.
Сондай-ақ, қабылдауда Түркістан қаласының тұрғындары Ж.Алимов пен Б.Сыздықов тарихи мұраларды қорғау, киелі орындарды насихаттау бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ал төлебилік тұрғын Біркөлік ауылына жаңа мектеп салу мәселесін көтерді. Оған мектеп құрылысына лайықты жер таңдалған соң бұл бағытта жұмыс жүретіні айтылды. Қабылдауда мектеп салу, жалақы және өзге де мәселелер бойынша түйткілдер сөз болды.
Әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысын тыңдаған Сәкен Қалқаманов сұрақтарға заң аясында жауап берді. Арыздар мен өтініштер назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.