Түркістан облысы - Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы

0
65

735 ұпаймен І орынға ие болды.


Түркістан облысы - Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы

Түркістан облысы Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Астана қаласында педагогтердің республикалық тамыз конференциясы аясында «Дене шынықтыру – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі: заманауи тәсілдер, инновациялар және үздік тәжірибелер» тақырыбында секциялық отырыс өтті.

Жиында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы жарияланып, жалпы командалық есепте Түркістан облысы 735 ұпаймен І орынға ие болды.

Түркістан облысы – 735 ұпай

Алматы қаласы – 646 ұпай

Жамбыл облысы – 641 ұпай

Бұл – өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға, оқушылардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас спортшылардың жоғары көрсеткішке қол жеткізуіне ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегі, ата-аналардың қолдауы және балалардың табандылығы негіз болды.

Өңірде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге және өскелең ұрпақ үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бөлісу