Ерікті жастардың, кәсіпкерлердің, жанашыр тұрғындардың ұйымдастыруымен.
Маңғыстауға Түркістан облысынан 95 вагон (3 мың тоннаға жуық) шөп жөнелтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қолдауымен 95 вагон (3 мың тоннаға жуық) шөп Маңғыстау облысына жөнелтілді. Яғни, Арыс қаласынан – 17 вагон, Сарыағаш қаласының теміржол станциясыннан – 51 вагон, Шымкент қаласынан – 18 вагон, Бадам ауылдық округінен – 4 вагон, Отырар ауданынан – 5 вагон шөп тиелген.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының шаруаларына Түркістан облысы әкімдігі ерікті жастардың, кәсіпкерлердің, жанашыр тұрғындардың ұйымдастыруымен мал азығы тапшылығы орын алған аумақтарға көмек қолын созуда.