Түркістан облысында 900 мыңға жуық адам вакцина салдырды

0
577

Соңғы тәулікте 30 адамнан COVID-19 індеті анықталды.


Түркістан облысында 900 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Түркістан облысында 891 966 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында екінші компонентпен 722 809 адам вакцина салдырды. Оның ішінде 42401 тұрғын отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.


Соңғы тәулікте Түркістан облысында 30 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,21% құрайды. Облыста 1 033 302 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 421 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1969 орын бар, олардың 1569-і бос. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 14 160 жағдай тіркелді. Олардың 7328-де ауру симптомсыз өткен болатын.