Түркістан облысында базарлардың жұмысын жетілдіру жолдары сараланды

0
599

Базарларды аралағаннан кейін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және базар иелерімен жиналыс өткізілді.


Түркістан облысында базарлардың жұмысын жетілдіру жолдары сараланды

Түркістан облысындағы базарларды ретке келтіру, жұмысын жетілдіру жолдары сараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2024 жылғы 2-3 мамырында Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков базарларды жаңғырту мәселесі бойынша Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Түлкібас, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарда және Түркістан қаласының базарларында болды.


Сауда орындарын аралау кезінде Айдар Ахметбекұлы базарлар қызметін ұйымдастыру ережелерінің сақталуына (өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалардың сақталуы, қоғамдық тәртіп, QR коды бар базар паспортының болуы), аумақтарды күтіп ұстауға, сауда алаңдарын жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға ерекше назар аударды. Сондай-ақ комитет төрағасы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда арнайы техниканың базар аумағына жылдам әрі еркін өтуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, барлық базарлар мен сауда орындарын тиісті эстетикалық түрге келтіру қажет, ал сауда өркениетті болуы тиіс.


Базарларды аралағаннан кейін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және базар иелерімен жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста облыстық басқармалар мен департамент өкілдері базарларды жаңғырту, базарларда санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ базарларда электрондық кассалық аппараттарды пайдалану бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.


Комитет төрағасы тиісті басқармаларды базарлардың құрылыс жұмыстарын құрылыс ережелеріне сәйкес бақылауға шақырды. Базар иелеріне сауда павильондарын (ет, сүт, бакалея) ретке келтіру қажеттігі туралы ескертті.


Айдар Ахметбекұлы базарларды және сауда нысандарын өрт қауіпсіздігін, санитарлық нормалар мен ережелерді, жер заңнамасын, қала құрылысы нормаларын және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да талаптарды сақтау, тексеру бойынша мемлекеттік мекемелер өкілдерінен жұмыс тобын құруды тапсырды. Сонымен бірге кәсіпкерлерді несиелендіруге бағытталған мемлекеттік қолдаулар туралы баяндады.


Кездесуді қорытындылай келе, Айдар Ахметбекұлы базарларды жаңғыртудың жол картасына сәйкес жұмыстарды жалғастыру, базарларда базар әкімшілігімен және кәсіпкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізу қажеттігін атап өтті.