Іс-шарада аудандық аурухананың орта және кіші буын қызметкерлері спорттық жаттығулармен бірге флешмоб көрсетті
ERNUR.KZ. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Денсаулық жолы» атты акция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының орталығында «Денсаулық жолы» атты кең ауқымды акция өтті.
Аудандық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Б.Рысбеков:
«Акцияның мақсаты – әрбір азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» қағидасын ұстануға көпшілік назарын аудару», - деді.
Сондай-ақ, іс-шарада аудандық аурухананың орта және кіші буын қызметкерлері спорттық жаттығулармен бірге флешмоб көрсетті.
Сонымен қатар, акция барысында Шымкент қаласынан арнайы кардиолог, педиатор, терапевт, офтальмолог мамандары келіп, келушілерді тексеруден өткізіп, дәрігерлік кеңестерін берді.