Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған баланы көлік қағып кетті

0
1 092

Жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алған бүлдіршін тіл тартпай қайтыс болды.


Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған баланы көлік қағып кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Бадам ауылы маңында 11 қараша күні кешкі уақытта кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алған бүлдіршін тіл тартпай көз жұмды.

Баланы қағып кеткен "Опель вектра" көлігінің жүргізушісі Ордабасы ауданының тұрғыны боп шықты. Қазір көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға орнында полицейлердің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы"бойынша тіркеуге алынды. Автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.