Түркістан облысында қант бағасы тұрақтанды

0
2 425

Қант бағасын тұрақтандыру үшін Түркістан қаласында 4 әлеуметтік павильон, «Алтын Бұлақ» және «Қуаныш» сияқты ірі базарларда екі сауда бөлімі жұмыс істейді


Түркістан облысында қант бағасы тұрақтанды

Бүгінгі таңда Түркістан облысында қант бағасының төмендеуі байқалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық кәсіпкерлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 23.10.2018-30.10.2018 ж. аралығында қанттың бағасы 257 теңгеден 251 теңгеге дейін немесе 2.3 пайызға төмендеген. Қант бағасын тұрақтандыру үшін Түркістан қаласында 4 әлеуметтік павильон, «Алтын Бұлақ» және «Қуаныш» сияқты ірі базарларда екі сауда бөлімі жұмыс істейді, мұндағы қант бағасы кг. 220 теңгеден сатылып жатыр.

Бағаны тұрақтандыру қорында бүгінгі күнде 115 тонна қант қоры бар. 1000 тн. қант сатып алу туралы келісім шартқа қол қойылған.

Сондай-ақ облыс бойынша және Түркістан қаласының ірі сауда орындарында күнделікті қант бағасына мониторинг жүргізілуде. Аталған мәселе облыс әкімінің ерекше бақылауында.