Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысында пойыз рельстен шығып, аударылып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында бірнеше жүк вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қалған пойыздар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Оқиға орнында Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
“Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды” - деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі