Түркістан облысында Республика күні мерекесінде 119 сәби дүниеге келді

0
79

Ел аумағында 704 босану жағдайы тіркеліп, олардың арасында 5 егіз өмір есігін ашты.


Түркістан облысында Республика күні мерекесінде 119 сәби дүниеге келді

Түркістан облысында Республика күні мерекесінде 119 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


25 қазанда елімізде ұлық мереке — Республика күні кеңінен аталып өтті. Осы мерейлі күні Қазақстан бойынша барлығы 709 сәби дүниеге келді, оның ішінде 359 ұл және 350 қыз бала. Ел аумағында 704 босану жағдайы тіркеліп, олардың арасында 5 егіз өмір есігін ашты.


Аймақтар арасында Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша дәстүрлі түрде көш бастап тұр. Бір тәулікте өңірде 119 сәби дүниеге келген. Оның 62-сі ұл, 57-сі қыз, сондай-ақ 1 егіз бар.


Дәрігерлердің мәліметінше, барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы, медициналық бақылауда.


Республика күні өмірге келген сәбилер — еліміздің болашағына деген сенім мен үміттің нышаны. Бұл күн тек ел тәуелсіздігінің мерекесі ғана емес, сонымен бірге жаңа өмірдің бастауына айналды.

Бөлісу