Орта буын мамандарын дайындайтын оқу орындары үшін «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - сыбайлас жемқорлықты төмендету кепілі» атты «Брейн-ринг» танымдық-зияткерлік сайысы болды.
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында студенттер арасында танымдық-зияткерлік сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл сайыс тұңғыш рет өтіп отыр. Орта буын мамандарын дайындайтын оқу орындары үшін «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - сыбайлас жемқорлықты төмендету кепілі» атты «Брейн-ринг» танымдық-зияткерлік сайысы болды.
Сайыс өткізудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет алудың заңды қорғалуы, «Электрондық үкімет» порталыныңқұрылу тарихы мен жастардың білімін жетілдіру.
Алғаш өтіп отырған сайысқа Аграрлық колледж оқытушылары мен студенттері және ата-аналар қатысты.
Сайысқа Департамент пен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша филиалының лауазымды қызметкерлері қазылық етіп, жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.